Елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болғаны жазылған болатын.
Бүгін түскі сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті.
[embed]https://youtu.be/r3o0dM5aJsw[/embed]
Құтқарушылар 15 баллонды алып шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр.