Тимур Құлыбаев Алматы әуежайын сатуға келісті
Тимур Құлыбаев Алматы әуежайын сатуға келісті
143
оқылды

TAV Airports консорциумы (42% Groupe ADP-ге тиесілі) мен VPE Capital компаниясы Алматы әуежайын заманауи үлгіде қайта жасақтауды қолға алады. Бұл туралы Forbes.kz хабарлайды.

Жобаға құйылатын инвестиция көлемі миллиард долларды құрайды деп күтілуде.

Groupe ADP компаниясы 3 күн бұрын өз сайтында әуежай иелерімен жүргізілген келіссөздер бірер аптада оң нәтижесін береді деп ақпарат жариялады. Алайда нақты кімдермен келісім жүргізіліп жатқаны жарияланбаған.

Қазақстандық порталдың хабарлауынша Алматы әуежайы Нидерландтағы Venus Airport Investments B.V. компаниясына тіркелген. Ал KASE-тегі құжаттарда бұл компания Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы сингапурлық Steppe Capital Pte. Ltd-ға тиесілі екен.

Айта кетейік, Алматы әуежайы 2018 жылы 6 млн жолаушы қабылдаған. Бүгінде терминал жолаушыларға тарлық етуде. Алматылық тұрғындар мен БАҚ өкілдері әуежайды кеңейту туралы бірнеше мәрте ұсыныс айтқан.