Қарашығанақ
Қарашығанақ
172
оқылды

Еліміздің аса ірі мұнай-газ кен орындарының бірінде жұмыс істейтін «Қарашығанақ Петролиум Оперей­тинг Б.В.» компаниясының негізгі ба­сымдығының бірі – әлеуметтік және инфрақұрылым жобаларын іске асы­ру. Консорциум Өнімді бөлу жөніндегі соңғы келісімде бекітілген өз міндет­темелерін бұлжытпай орын­дап жүр.

ҚПО 1998 жылдан бері Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосып жүр. Содан бері өлкенің тарихы әлемдік стандарт деңгейінде орындалған объектілер құрылысымен тығыз бай­ланысты. Атап айтқанда, Қарашығанақ жо­басының акционерлері нені, қашан және қай жерге салуды Батыс Қазақстан об­лысының басшылығымен бірге анық­тайды. Бұл ең өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қолдау басымдықтарының тізбесі жасақталды деп есептеуге болады. Бұл жолдар мен инже­нерлік желілер, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салалары. Облыс – елдің батыс қақпасы. Күні кеше Орал аймағының жолдары ең нашары болатын. Соңғы жылдары ҚПО ауқымды көмегінің арқасында жағдай жақсы жағына өзгеріп келеді. Компанияның бірнеше көпір мен көпір жолдарының құрылысы және қалпына келтіру жұмыстарын қар­жыландырғанын айтса да жеткілікті. Сон­дықтан Оралдағы мұнай-газ базасы ауда­нындағы көпірдің пайдалануға берілуі аса маңызды оқиға болды. Ондағы жұмыстар ҚПО әлеуметтік жобалар аясында локо­мотив депосының ауданындағы көпірге күр­делі жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін дереу басталып кетті. Екі көпір өтке­лі де стратегиялық маңызға ие, өйткені қала­ның орталық бөлігі мен жаңа құрылыс­тар арасын «бөлетін меже» ретіндегі темір жол үстімен өтеді. Құрылыс кезінде авто­мо­биль қозғалысы басқа бағдарларға ауыс­тырылды, бірақ бәрібір автокөлік иелері белгілі бір қиындықтарға тап болып жатты. Сондықтан көпір салушылар сапа көрсет­кіштерін төмендетпестен сақтауға, жұмыс мерзімі мен оларды қысқартуға баса назар аударды. Жұмыс кестесі аз ғана іркілістер, тұрып қалу және кез келген кешігуді толығымен болдырмайтындай есептеліп құрастырылды. Соңында екі көпір де қайтадан салынды және межеленген мерзімнен бұрын пайдалануға берілді. Осы жолдардың қалпына келтіріп пайдалануға берілуі Орал қаласындағы темір жолдар мен автокөлік жолдары арқылы екі жақты қозғалу мүмкіндігі бар көліктер мен жаяу жүргіншілердің жыл бойғы тоқтаусыз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге қызмет атқарады. ҚПО әлеуметтік жобалар тізбесінен жол құрылысына басымдық берілген. Қыркүйекте кен орнына жақын айналма жолды жөндеу жұмыстары аяқталып, ҚПО қызметкерлері мен мердігер ұйымдарды тасымалдауға, сондай-ақ газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау және газды қайта айдайтын төртінші ком­прессорды орнату сияқты маңызды жоба­ларды іске асыруға арналған құрал-жаб­дық­тарды жеткізуді қамтамасыз ететін қо­сымша бағдар ашылды. Жұмыс кезінде жол­дың ескі жабыны бұзылып, жаңасы төселді, бүлінген бөліктері қалпына кел­тіріліп, жол белгілері орнатылды. Жаңа жол аудан тұрғындары үшін де сұранысқа ие болып отыр, өйткені ол аудан орталығы Ақсайды Приуральный және Тұңғыш елді мекендерімен байла­ныс­тыратын бөлік­тердегі көлік ағынын азай­тады. ҚПО 2016 жылдан 2020 жыл арасында 100 км-ден астам жөндеу жұмыстарын қамтыды. Облыс орталығын қосқанда Батыс Қа­зақстан облысының, соның ішінде ең шал­ғайдағы Бөкей ордасы және Жәнібек аудан­дарындағы жолдар бар. Сол жол­дардың құрылыс ұйымдары құрас­тырған перспективалық жоспары мен толыққанды ақпаратын конкурстарға қатысып, тап­сырыстарды орындау үшін алдын ала дайын­далуға мүмкіндік беретінін айта кетейік. Ал ҚПО мердігерлерді Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірге өте мұқият іріктеп алады. – Өзара тиімді серіктестік – компания­ның табысты қызметінің негізі – дейді ҚПО Бас директорының орынбасары Марат Кәрімов. – Консорциумның Батыс Қазақстан әкімдігімен және PSA ЖШС уәкілетті органымен тығыз өзара іс-қи­мылы нәтижесінде Қарашығанақтың құй­ған инвестициялары аймақты әлеуметтік қайта құруға оң әсерін тигізді. Әлеуметтік жобаларды іске асыруға тек қазақстандық құрылыс компанияларын тартамыз және жергілікті өндірушілерді қолдау прин­цип­терін ұстанамыз. Өзара түсіністік бағы­тында олармен серіктестік қатынастарды дамытамыз. Тек сапалы құрылыс мате­риалдарын қолдануын бақылауға аламыз. Соны­мен бірге қазақстандық мате­риалдарға артықшылық беріледі. Халық­аралық стандарттарға сәйкес жоғары сапа міндетті талаптардың бірі. Ол жобалау және өндіріс жұмыстары процесінде сақталуы тиіс. Сондай-ақ қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қор­ғаудың барлық талаптарын бұлжытпай орындау бірінші дәрежедегі міндетті шарт. Білім мен біліктілік деңгейі – Қара­шығанақта нақты құндылық. Қа­білетті және білікті қызметкерлер ғана мансап сатысымен жоғарылайды, демек лайықты еңбекақыға да үміттене алады. Білім беру объектілері де әлеуметтік серіктестік бағдарламасының негізгі ба­сым­дық­тарының бірі. Оралда эсте­тикалық б­ағыттағы жаңа мектеп-гимна­зияның пай­далануға берілгені нағыз мере­ке болды. Мектеп алдында балаларды оқы­тудың та­лаптарына толық сәйкес келе бер­мейтін бұрынғы балабақша ғима­ратында ор­наласқан еді. Енді үш қабатты кешенде сынып бөлмелері, информатика кабинеті, физика, химия, биология, лин­гафон кабинеттері орналасты. Сондай-ақ акт және спорт залдары, зертханалар мен шеберханалар, оқу залы бар кітапхана, медицина пункті, асхана және шаруа­шылық-тұрмыс блогы бар. Айтпақшы, мектеп жаңа салынып және дамып келе жатқан «Жұлдыз» шағынауданында тұр­ғызылды. Құрылысшылар объектіні белгіленген мерзімде аяқтап, оқу жылы қарсаңында тапсырды. Мердігер ұйымның бас дирек­торы Азамат Ғұбайдулиннің айтуынша, ҚПО арасындағы ынтымақтастық кәсіби шеберліктің нағыз мектебі. Жұмыс сапасы мен қауіпсіздік техникасына қатысты қа­таң талаптар кәсіби жетілуге ынта­лан­дырады. Ол кез келген объект халықаралық стандарттарға сәйкес келуі қажет деп са­най­ды. Ал балаларға арналған объект тіпті әдемі болуы тиіс. Ауруды емдегеннен гөрі, алдын алған жақсы деген сөз көпке мәлім. Сондықтан ҚПО үш жылдық әлеуметтік жоспарында дене шынықтыру-сауықтыу кешендері құрылысына да баса назар аударылды. Биылғы мамыр айында шалғайдағы Жанғала ауданында ДСК пайдалануға берілді. ҚПО қаражатына жеті ауданда ДСК құрылысы жоспарға енді. Сонымен бірге Орал қаласында облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты тұрғызылады. ҚПО көп жылдар бойы аймақтың денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қолдау көрсетіп келеді. Шіл­деде Оралдағы №7 қалалық емхананың күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Ақсай қаласындағы медициналық шұғыл әрекет ету ауруханасын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан былай Орал аймағындағы мәдениет саласы қалдық принципсіз-ақ қаржыландырылатын болады. Сондықтан, пандемия аяқталғаннан кейін Оралда салынып жатқан мың орындық көп­функционалды мәдениет үйі жұртшылық­тың үлкен сұранысына ие болатыны сөзсіз. Оның мақсаты – ұлттық мәдениетті сақтау, халық шығармашылығын қайта жаңғырту. МҮ көрермендер залы, дайындық және көрме залдары, грим бөлмесі, деко­рацияларға арналған шеберхана, мәжіліс залы болады. Бимен шұғылдануға, театр студиясында дайындық жасауға жағдай болады. Бір сөзбен, бұл шын мәнінде нағыз мәдениет орталығына айналатын үлкен және көпфункционалды кешен. Әлеуметтік жобалардың үш жылдық жоспарына Оралдағы көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы да кірген. – ҚПО аймаққа көрсеткен көмегі жаңа объектілер мен инфрақұрылымдық қайта құру ғана емес, – дейді облыстық арда­герлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхам­бетов. – Бұл және қайырымдылық қызмет. COVID-19 инфекциясымен күрес кезінде ауқымды әрі маңызды көмектер көрсетілді. Көп жылдар ҚПО Орал және Ақсай қалаларының соғыс және еңбек арда­герлеріне «Егемен Қазақстан» және «Ка­захстанская правда» газеттеріне жазылу ақысын төлеп келеді. Оралдықтар әрқашан қазақ драма театры, мұз айдыны спорт сарайы, отбасы типіндегі балалар ауылы, жабық теннис корты және басқа да көп­теген осындай объектілерін мақтан ететін болады. ҚПО облысымыздың әлеуметтік дамуына атсалысуы бизнестің жоғары жауапкершілігінің сенімді және көрнекті үлгісі. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компанияларының Орал айма­ғындағы әлеуметтік жобаларға салған ин­вестицияларының жалпы көлемі 416 мил­лион доллар екенін атап өткен жөн.

Серік ӘЛІМЖАНОВ