Еліміздің аса ірі мұнай-газ кен орындарының бірінде жұмыс істейтін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының негізгі басымдығының бірі – әлеуметтік және инфрақұрылым жобаларын іске асыру. Консорциум Өнімді бөлу жөніндегі соңғы келісімде бекітілген өз міндеттемелерін бұлжытпай орындап жүр.
ҚПО 1998 жылдан бері Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосып жүр. Содан бері өлкенің тарихы әлемдік стандарт деңгейінде орындалған объектілер құрылысымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, Қарашығанақ жобасының акционерлері нені, қашан және қай жерге салуды Батыс Қазақстан облысының басшылығымен бірге анықтайды. Бұл ең өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қолдау басымдықтарының тізбесі жасақталды деп есептеуге болады. Бұл жолдар мен инженерлік желілер, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салалары. Облыс – елдің батыс қақпасы. Күні кеше Орал аймағының жолдары ең нашары болатын. Соңғы жылдары ҚПО ауқымды көмегінің арқасында жағдай жақсы жағына өзгеріп келеді. Компанияның бірнеше көпір мен көпір жолдарының құрылысы және қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландырғанын айтса да жеткілікті. Сондықтан Оралдағы мұнай-газ базасы ауданындағы көпірдің пайдалануға берілуі аса маңызды оқиға болды. Ондағы жұмыстар ҚПО әлеуметтік жобалар аясында локомотив депосының ауданындағы көпірге күрделі жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін дереу басталып кетті. Екі көпір өткелі де стратегиялық маңызға ие, өйткені қаланың орталық бөлігі мен жаңа құрылыстар арасын «бөлетін меже» ретіндегі темір жол үстімен өтеді. Құрылыс кезінде автомобиль қозғалысы басқа бағдарларға ауыстырылды, бірақ бәрібір автокөлік иелері белгілі бір қиындықтарға тап болып жатты. Сондықтан көпір салушылар сапа көрсеткіштерін төмендетпестен сақтауға, жұмыс мерзімі мен оларды қысқартуға баса назар аударды. Жұмыс кестесі аз ғана іркілістер, тұрып қалу және кез келген кешігуді толығымен болдырмайтындай есептеліп құрастырылды. Соңында екі көпір де қайтадан салынды және межеленген мерзімнен бұрын пайдалануға берілді. Осы жолдардың қалпына келтіріп пайдалануға берілуі Орал қаласындағы темір жолдар мен автокөлік жолдары арқылы екі жақты қозғалу мүмкіндігі бар көліктер мен жаяу жүргіншілердің жыл бойғы тоқтаусыз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге қызмет атқарады. ҚПО әлеуметтік жобалар тізбесінен жол құрылысына басымдық берілген. Қыркүйекте кен орнына жақын айналма жолды жөндеу жұмыстары аяқталып, ҚПО қызметкерлері мен мердігер ұйымдарды тасымалдауға, сондай-ақ газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау және газды қайта айдайтын төртінші компрессорды орнату сияқты маңызды жобаларды іске асыруға арналған құрал-жабдықтарды жеткізуді қамтамасыз ететін қосымша бағдар ашылды. Жұмыс кезінде жолдың ескі жабыны бұзылып, жаңасы төселді, бүлінген бөліктері қалпына келтіріліп, жол белгілері орнатылды. Жаңа жол аудан тұрғындары үшін де сұранысқа ие болып отыр, өйткені ол аудан орталығы Ақсайды Приуральный және Тұңғыш елді мекендерімен байланыстыратын бөліктердегі көлік ағынын азайтады. ҚПО 2016 жылдан 2020 жыл арасында 100 км-ден астам жөндеу жұмыстарын қамтыды. Облыс орталығын қосқанда Батыс Қазақстан облысының, соның ішінде ең шалғайдағы Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарындағы жолдар бар. Сол жолдардың құрылыс ұйымдары құрастырған перспективалық жоспары мен толыққанды ақпаратын конкурстарға қатысып, тапсырыстарды орындау үшін алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретінін айта кетейік. Ал ҚПО мердігерлерді Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірге өте мұқият іріктеп алады. – Өзара тиімді серіктестік – компанияның табысты қызметінің негізі – дейді ҚПО Бас директорының орынбасары Марат Кәрімов. – Консорциумның Батыс Қазақстан әкімдігімен және PSA ЖШС уәкілетті органымен тығыз өзара іс-қимылы нәтижесінде Қарашығанақтың құйған инвестициялары аймақты әлеуметтік қайта құруға оң әсерін тигізді. Әлеуметтік жобаларды іске асыруға тек қазақстандық құрылыс компанияларын тартамыз және жергілікті өндірушілерді қолдау принциптерін ұстанамыз. Өзара түсіністік бағытында олармен серіктестік қатынастарды дамытамыз. Тек сапалы құрылыс материалдарын қолдануын бақылауға аламыз. Сонымен бірге қазақстандық материалдарға артықшылық беріледі. Халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары сапа міндетті талаптардың бірі. Ол жобалау және өндіріс жұмыстары процесінде сақталуы тиіс. Сондай-ақ қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғаудың барлық талаптарын бұлжытпай орындау бірінші дәрежедегі міндетті шарт. Білім мен біліктілік деңгейі – Қарашығанақта нақты құндылық. Қабілетті және білікті қызметкерлер ғана мансап сатысымен жоғарылайды, демек лайықты еңбекақыға да үміттене алады. Білім беру объектілері де әлеуметтік серіктестік бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі. Оралда эстетикалық бағыттағы жаңа мектеп-гимназияның пайдалануға берілгені нағыз мереке болды. Мектеп алдында балаларды оқытудың талаптарына толық сәйкес келе бермейтін бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан еді. Енді үш қабатты кешенде сынып бөлмелері, информатика кабинеті, физика, химия, биология, лингафон кабинеттері орналасты. Сондай-ақ акт және спорт залдары, зертханалар мен шеберханалар, оқу залы бар кітапхана, медицина пункті, асхана және шаруашылық-тұрмыс блогы бар. Айтпақшы, мектеп жаңа салынып және дамып келе жатқан «Жұлдыз» шағынауданында тұрғызылды. Құрылысшылар объектіні белгіленген мерзімде аяқтап, оқу жылы қарсаңында тапсырды. Мердігер ұйымның бас директоры Азамат Ғұбайдулиннің айтуынша, ҚПО арасындағы ынтымақтастық кәсіби шеберліктің нағыз мектебі. Жұмыс сапасы мен қауіпсіздік техникасына қатысты қатаң талаптар кәсіби жетілуге ынталандырады. Ол кез келген объект халықаралық стандарттарға сәйкес келуі қажет деп санайды. Ал балаларға арналған объект тіпті әдемі болуы тиіс. Ауруды емдегеннен гөрі, алдын алған жақсы деген сөз көпке мәлім. Сондықтан ҚПО үш жылдық әлеуметтік жоспарында дене шынықтыру-сауықтыу кешендері құрылысына да баса назар аударылды. Биылғы мамыр айында шалғайдағы Жанғала ауданында ДСК пайдалануға берілді. ҚПО қаражатына жеті ауданда ДСК құрылысы жоспарға енді. Сонымен бірге Орал қаласында облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты тұрғызылады. ҚПО көп жылдар бойы аймақтың денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қолдау көрсетіп келеді. Шілдеде Оралдағы №7 қалалық емхананың күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Ақсай қаласындағы медициналық шұғыл әрекет ету ауруханасын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан былай Орал аймағындағы мәдениет саласы қалдық принципсіз-ақ қаржыландырылатын болады. Сондықтан, пандемия аяқталғаннан кейін Оралда салынып жатқан мың орындық көпфункционалды мәдениет үйі жұртшылықтың үлкен сұранысына ие болатыны сөзсіз. Оның мақсаты – ұлттық мәдениетті сақтау, халық шығармашылығын қайта жаңғырту. МҮ көрермендер залы, дайындық және көрме залдары, грим бөлмесі, декорацияларға арналған шеберхана, мәжіліс залы болады. Бимен шұғылдануға, театр студиясында дайындық жасауға жағдай болады. Бір сөзбен, бұл шын мәнінде нағыз мәдениет орталығына айналатын үлкен және көпфункционалды кешен. Әлеуметтік жобалардың үш жылдық жоспарына Оралдағы көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы да кірген. – ҚПО аймаққа көрсеткен көмегі жаңа объектілер мен инфрақұрылымдық қайта құру ғана емес, – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов. – Бұл және қайырымдылық қызмет. COVID-19 инфекциясымен күрес кезінде ауқымды әрі маңызды көмектер көрсетілді. Көп жылдар ҚПО Орал және Ақсай қалаларының соғыс және еңбек ардагерлеріне «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне жазылу ақысын төлеп келеді. Оралдықтар әрқашан қазақ драма театры, мұз айдыны спорт сарайы, отбасы типіндегі балалар ауылы, жабық теннис корты және басқа да көптеген осындай объектілерін мақтан ететін болады. ҚПО облысымыздың әлеуметтік дамуына атсалысуы бизнестің жоғары жауапкершілігінің сенімді және көрнекті үлгісі. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компанияларының Орал аймағындағы әлеуметтік жобаларға салған инвестицияларының жалпы көлемі 416 миллион доллар екенін атап өткен жөн.Серік ӘЛІМЖАНОВ