Facebook: Терроризм, балалар порнографиясы, суицид туралы миллиондаған жазбаны жойды
Facebook: Терроризм, балалар порнографиясы, суицид туралы миллиондаған жазбаны жойды
238
оқылды

Биыл Facebook қоғамға кері әсері бар жазбаларды өшіруді қолға алды.

BaigeNews.kz компанияның баяндамасына сілтеме жасап тың жаңалықтар жариялады.

Биыл есірткі саудасы, балалар порнографиясы, терроризмді насихаттаған парақшалардың күшін жойған. Оның ішінде, 11,6 млн-ға жуық балалар порнографиясын насихаттайтын видеолар өшірілген.

Сондай-ақ  4,4 млн есірткі саудасына қатысты, 2,3 млн-ға жуық қару-жарақ саудасы жайлы жазбалар өшірілген. 4,5 миллиондай өзіне өзі қол салу жайында жарияланған хабар жойылған. Сонымен қатар терроризмге қатысты ақпараттардың 98%-ын алып тастады.