Партия лайықты кандидаттар ұсынды
Партия лайықты кандидаттар ұсынды
119
оқылды

– 2017 жылы Еуразиялық интег­ра­ция инс­титуты әлеуметтік сауал­на­ма жа­саған еді, сауалнама нәти­же­сі қо­ғамның билікке деген сенім деңгейін анық көрсеткен болатын. Сол кезде қоғамның Парламентке де­ген сенімі үшінші орында қалса, сая­си партия­ларға деген сенімі ин­дексте соңғы орынның бірін алған еді. Содан бері 3 жыл өтті. Меніңше, жағ­дай түбе­гей­лі өзгерген тәрізді. Қо­ғамда Пар­ла­менттің жаңаруына деген сұраныс артып, саяси пар­тия­лардың нақты іс-әрекетіне, олар ұсын­ған сапалы бағ­дарламалар мен олар­дың орын­далуына деген талап күшейді.

«Nur Otan» биліктегі партия ре­тінде 2021 жылы Парламентте ба­сым­дыққа ие боларына күмән жоқ. Сон­дықтан партия сапалы кандидат­тар мен дамудың нақты бағдарлама­сын ұсынуы тиіс еді. Ал партия съе­зінде айтылған бағыттар өте өзек­ті екені көрініп тұр. Өз басым бір­қатар пункттерді айрықша атаған бо­лар едім. Мәселен, бағдарламада әлеу­меттік төлемдерді жыл сайын ин­декстеу үшін 3 триллион теңге бө­лінетіні, 2025 жылға қарай шағын және орта бизнесті қолдау нәти­же­сінде 4 миллион қазақстандықты жұ­мыспен қамтып, ішкі жалпы өнім­нің 35 пайызын өндіру, алдағы 3 жылда инфляция 4 пайыздық дең­гейге дейін төмендетілетіні, 2025 жыл­ға қарай ауыл шаруашылығының жиын­тық өнімінің көлемі үштен бі­рін­дей мөлшерге, ал экспорт көлемі 2 есеге дейін ұлғаятыны, денсаулық сақ­тау саласын қаржыландыру кө­лемі ішкі жалпы өнімнің 5 пайы­зы­нан кем болмайтыны, дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе, педагогтердің, тренер-оқытушылар жалақысы 2 есе өсетіні, 2025 жылға қарай грант саны 50 пайызға ұлғайып, 75 мың жас аза­мат жоғары білімді тегін ала-тыны жә­не басқа да мақсаттар ай­тылды. Сонымен қатар партиялық тізім­ге кірген кандидаттардың нағыз лайық­ты азаматтар екенін атап өткім ке­леді. Бұл азаматтар босқа қарап отырмайды, олардың заң жобаларын әзір­леу мен ұсынуда тәжірибесі бар және олардың жұмыстары Парла­мент­те нәтижесіз болмайды деген ой­да­мын. Бір сөзбен айтқанда, пар­тия қоғамның талабын түсіне білді.

А.СҰЛТАН