«Шаңырақтың» жеңімпаздары
«Шаңырақтың» жеңімпаздары
172
оқылды

Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның IV «БАҚ және қоғамдық келісім» халықаралық медиа форумы өтті.

Жиынға Қазақстан халқы Ассам­блея­сы Төрағасының орынбасары – Хат­шылық меңгерушісі Жансейіт Түй­ме­баев, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мем­­лекеттерінен келген халықаралық са­рапшылар, депутат­тар, мемлекеттік ор­гандардың өкілдері, Ассамблея мү­ше­лері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жансейіт Түймебаев бірлік пен ын­ты­­мақ­ты нығайтуда БАҚ-тың атқара­тын мін­деті зор деген пікірін айтты.   

– Бүгінгі басты мәселе – қоғам­да­ғы тұрақтылық пен этносаралық ке­лі­сім, әлеуметтік бірлікті нығайтуда жур­налистер алдында тұрған міндетті тал­қылау.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ассам­блея­ның қызметін тұрақты түр­де ақ­параттық қолдау туралы арнайы тап­сыр­масы бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келі­сім­ді нығайтуды басты назарда ұстай­ды. Осы орайда, отандық журналистика үшін қоғамдық келісімді дамыту, арандатушы ақпараттарға қарсы иммунитетті қалып­та­стыру және қоғам бірлігін сақтау тақы­рып­тары өте маңызды. Сонымен қатар мем­­лекеттік тілдің мәртебесін көтеру мә­се­лесінде де қолына қалам ұстаған аға­йын­­ның атқаратын рөлі айрықша, – деді Жансейіт Түймебаев.

Қарақалпақ мемлекеттiк универ­си­теті профессоры, филология ғы­лы­­мы­ның док­торы Шамшетдин Абди­на­­зимов көрші елдегі қазақ тіліндегі ба­­сылымдардың маңызды рөлі жайында айтты.

– Қазақстан мен Өзбекстан – қиын-қыстау сәттерде бір-бірін қолдап-қуат­тап, бір-біріне демеу болып, қол жеткен та­быс­тарына шын пейілмен қуанып, дос­тық қарым-қатынасын сақтап келе жат­қан көр­ші мемлекеттер. Екі ел ара­сындағы мәдени, рухани байланыс үзіл­ген емес. Өзбекстанда қазақ тілінде «Нұрлы жол» газеті шығады. Бұл басылым арқылы ха­лық қаулы, жарлық, үкімдерді қа­зақ тілін­де оқып отыр. Еліміздегі бірін­ші арна­да «Дидар» бағдарламасы жүр­гізіледі. Қарақалпақстанда «Алтын ай­мақ» ұлттық арнасы мен «Атамекен» те­лерадиосы таза қазақ тілінде хабар та­ратады, – деді ол.

Медиа форум аясында «Ассамб­лея­ның бір жылы» атты фотокөрме жә­не мемлекет саясатын ақпараттық тұр­ғыдан қолдау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, Ас­­­самб­леяның жұмысын насихаттауға үлес қосқан журналистерді қолдау үшін ұйымдастырылған дәстүрлі «Шаңы­рақ» республикалық байқауының жүлде­гер­лері марапатталды.


М.БАҚЫТ