«Мұрнымды жұмсам да, көрем сенііі...» леп мағынасыз әндеткен Павлодар облысы, Май ауданы, Ақжар ауылының әкімі Серік Құсайынов трассада құйындатып келе жатқан еді, МАИ инспекторлары тоқтатты.
– Неге тоқтатасыңдар? – деп қиғылық салды ауыл әкімі салған жерден.
– Сіз не іштіңіз?
– Айран.
– Қайдан?
– Үйден.
– Адам айранға мас болмайды. Ішіп алыпсыз ғой?
– Бірдеңе іштім. Ал солай.
– Құжаттарыңызды көрсетіңіз?
– Көрсете алмаймын.
– Неге?
– Өйткені, менде құжат жоқ.
– Қалай айдап жүрсіз?
– Газды басып.
– Құжаатсыз қалай айдап жүрсіз деймін?
– Ызғытып.
– Көлікті айып тұрағына қоямыз, түсіңіз.
– Түспеймін.
– Неге?
– Астым орындыққа жабысып қалған.
– Әзілдеспеңіз бізбен?
– Сендер менің кім еенімді білесіңдер ме? Ауыл әкімімін!
– Заң бәріне бірдей.
– Мұрныңды бет, болмаса котлет етіп жіберейін бе?
– Ышқынбаңыз. Сізге құжат толтырамыз.
Хаттама толтырылды.
– Мына жерге қол қойыңыз.
– Айлық бересің бе?
– Бұл хаттама.
– Қоймаймын.
– Қол қойыңыз деймін.
– Қол қоймасам ше?
– Қойыңыз.
– Қоймасам ше? Уақытым жоқ.
– Кешіріңіз, көлікті мас күйіңізде жүргізгеніңіз үшін 15 тәулікке қавмаласыз.Ия, сот шешімімен.
– Мен қамаламын ба? Мына мен? Ауыл әкімі?
– Ия, сіз өйткені арақ ішкенсіз.
– Ішкен жоқпын деймін. Іштім де, құсып тастадым.
– Сондымен, жеті жыл көлік басқару құқығынан айырыласыз.
– Трактор айдаймын.
Тәлтіректеп тұрған ауыл әкімі МАИ инспекторларының бетіне бажырая қарады. «Адам емессіңдер!» дегендей, саусағын шошайтты. Жұтынды. Қықасы, арақ ішемін деп, көп нәрседен ұтылды. Өйткені, мәселесі тәртіптік кеңесте қаралып, лауазымынан босатылды. Ал, енді іше берсін! Үйінде жатып жеті күн, сайда отырып, сегіз күн ішсін!