Әйел болғым келмейді!
Әйел болғым келмейді!
426
оқылды
«Әйел болғым келмейді!» де­генде, әйелдерді кемсітіп, кетік тіс­імді көрсетейін деп тұрғаным жоқ, былай ғой, әзілкеш әртіс­тердің бәрі әйелдерді мазақтап, сах­надан түспейді, Күлпәші бар, «Әпшесі» бар, басқасы бар, әйел­дерді сұмырай, жексұрын етіп көр­сетіп жатады әйтеуір. Мен де бір сағатқа әйел болғым келген. Әйелім­нің мини юбкесін киіп, тө­сіме бірдеңелер тығып, томпайтып,  шашымды бұйралап, аяғыма біз өкше туфли киіп, айна алдына кел­генімде, Ахмет деген атымды ұмы­тып, сасқанымнан: «Сәлемет­сіз бе, қарындас?» деппін ғой. Шынында, көрікті қыз болып шыға келдім! Тіпті бар ғой, өзіме-өзім ғашық болып құладым-ей! Мү­сінім рюмке екен ғой! Қалай байқамағанмын? Бірақ, отыздан ас­қан, өңі сәл қашқан, аяғын аң­дап басқан, отырып қалған қызға ұқсаймын ба, қалай? Содан досымды бір сынайын­шы деп, кеш қараңғысында соның үйіне қарай келе жаттым. Жұрт көзінен тасалау, бұтақты жың­ғылдың жанынан өте бергенімде, бір есуас еркек алдымнан шыға кел­ді. «Зорлап кетеді–ау?» деп қо­рық­қан жоқпын, құдай бас­тарыңа салмасын, қапсыра құ­шақтап, бас салып ернімнен сүйе бергені қызық болды! Айды ас­панға шығарған ағайға не айтарым­ды білмей, Ахмет деген атымды да ұмытып қалдым. Тұншығып кеттім тегі! Бәсе, қыз– келіншектерді осын­дай оспадарлар, бұзықтар, ал­қаштар, наркомандар, иттер, бит­тер, шошқалар,  бүргелер зор­лайды екен ғой? Төбелесе кетейін десем, еңгезердей екен, ол мені жер­ге атып ұрғанда, «құдайым ай, қа­тын болып қалатын болдым ғой!» деген сұмдық ой  кеңірдегімді қыс­қандай болды. «Ой, мен еркек екенмін ғой», несіне қорқамын? Бәсе, иттер, шошқалар, адам­шылық ардан безгендер қыз–ке­лін­шектерді осылай аңдып жүреді екен ғой?  Ол мені қапсыра құ­шақтап, санымнан сипалай баста­ғанда,  тұла бойымды ток ұрғандай, дір ете қалды. Онымен қоймай, тағы сүйе беріп еді, жан ұшыра айқайлап: – Ойбай, мен еркекпін, еркек­пін! Ер–ке–ек! Атым Ахмет! –деп ай­қай­ладым. Даусым «еркекский» ғой, ол басын жұлып алды. – Немене? –деп сұрады орнын­ан тұрып жатып. Шал­барының белдігін салып жатып. – Есің дұрыс па? Еркекпін дей­мін! –Бәсе, аузың сасып кетіпті, – деді ол. – Өзің сасып кеткен! – Ой, кешір  інім, ерніңнің түк дәмі жоқ дегенім ғой,.. – Сендейлерді сотқа беру ке­рек!  Аштан өлдің бе, ернімді тісте­леп тастағаны несі? – Кешір, інішек, мен... мен... – Немене мен? Ойың бұзық болды, мынауыңды ел естімесін, кәдімгідей қызық болды! Жұрт естісе, мені де мазақтап жүрер, сен мені мен сені көрген жоқсың, сау бол,–деп енді бұрыла бергенімде, ол мені қапсыра құшақтап, бетім­нен шөп еткізе сүйді де: – Кешір інішек, кешірші, пока! –деді. Құдайым–ай, бүйткен әйел болғаны құрысын! «Сенің қарын­дасыңды, сені анаңды, сенің әп­кеңді осылай бас салса қайтер едің?» дегім келді. Қойшы, енді әйел болмаймын! Бұл әшейін, әңгіменің тұздығы ғой, Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіруге көмектескен ұлттық ұлан қызметкері Андрей Петровты қабылдауына шақырып, алғысын айтты. Өйткені, Петров үйінде болғанда, түнде әйел адамның шыңғырған даусын естиді. «Аға­тай. Тимеңізші!» деген дауыс шыққан соң, тез шешім қабылдап, оқиға орнына жетіп келсе, бір азғын 23 жасар келіншекті ше­шіндріп, зорламақ болған үстінен түседі. Куәгер Толғанай Лесбаева екеуі болмағанда, іс насырға ша­бар еді. Мұндай оқиғалар еліміздің түкпір–түкпірінде көптеп кездесіп жатады. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданынада мүгедек қызды зорламақ болған азғын түрмеде асылып өліп тынды. Соңғы тоғыз айда ресми емес мәліметтерге сүйенсек, еліміз бойынша 110 қыз–келіншек зорланған көрінеді! Сұмдық қой! Педофилдер қаншама бүлдір­шіндердің тағдырын талқандады десеңізші? Еске ұстаңыз, қазақтың қай қызы болсын, сенің қарын­дасың!

 Мұхтар ШЕРІМ