Қостанай облысында жоғалған ер адам орманнан өлі күйінде табылды
Қостанай облысында жоғалған ер адам орманнан өлі күйінде табылды
199
оқылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген жерінен табылды, - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам 16 қазанда жоғалып кеткен. Оны еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеп таппаған. 26 жастағы Сабуги Абыев Қостанай облысының Құсмұрын кентінде үйінен шыққан соң із-түзсіз жоғалып кеткен. Полицияға оның жоғалғанын досының анасы хабарлады. Бір айдан соң кісі өлтірді деген күдікпен 23 және 29 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.

"Полиция 15 қазанда күдіктілер жәбірленушімен бірге ішімдік ішкенін анықтады. Ер адамдар арасында жанжал туындап, күдіктілердің бірі "ВАЗ-2107" автокөлігімен жәбірленушіні қасақана қағып, содан кейін олар мәйітті орманға апарып, шұңқырға көміп тастаған", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері тергеуді жалғастырып жатыр, сараптамалар тағайындалды.