ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 1 қыркүйектен бастап елде 165 мектеп карантинге жабылғанын айтты.
«1 қыркүйектен бастап елде 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп әлі де жабық тұр. Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады. Бұл – ең аз инкубациялық кезең. Егер бір сыныпта коронавирус жұқтырған бірнеше адам анықталса, инкубациялық кезең ең соңғы тіркелген оқушыдан бастап есептеледі. Яғни, мектептер ең аз дегенде 14 күнге жабылады», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин енгізілуі мүмкін екенін айтқан болатын.