Қой тасығаны үшін басы пәлеге қалды
Қой тасығаны үшін басы пәлеге қалды
196
оқылды

Polisia.kz-тің мәлімдеуінше, оның қойды көлігіне салып тасығаны заң бұзу болып есептеледі.

«Ленин – Курчатов тас жолында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Май ауданының полиция қызметкерлері Hyundai автокөлігін тоқтатты. 59-жастағы жүргізуші көлігіне екі қой салып алған екен. Сонымен қатар ер адам тасымалданған малға тиісті құжаттары да қолында болмай шыққан. Сөйтсе, Ақсу ауданының тұрғыны Май ауданындағы ауылдардың бірінде қойын кебекке айырбастаған екен», – деді Май ауданы полиция бөлімінің бастығы Нығметолла Қаббасов. ҚР ОАО-ның 406-бабына сәйкес мал мен етті тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны үшін тәртіп сақшылары әкімшілік материалдарды жинап, ветеринарлық инспекцияға процессуалдық шешім қабылдауға жібереді.