Анасымен ренжіскен қыз өзіне қол салмақ болған
Анасымен ренжіскен қыз өзіне қол салмақ болған
715
оқылды

Әйел гаражды ішінен жауып алып, көліктің газ шығаратын жүйесін қыздыра отырып, газға уланбақ болған. Оның бұл әрекетін анасы сезгендей облыстық Төтенше жағдайлар орталығына хабарлап, қызының мекенжайын айтқан.

Көрсетілген мекенжай бойынша келген полиция үй ауласындағы гараж ішінен көліктің оталып тұрғанын естиді. Бірден гараж терезесін сығалай бастағанда көлікте қыздың отырғанын байқап қалады. Содан терезені сындырып, полицейлер қызды далаға алып шығады.

Осы уақытта қыздың анасы да оқиға орнына жетеді. Қыздың суицидке  баруына себеп – екеуінің арасындағы жанжал. Полиция екеуімен де профилактикалық әңгіме жүргізді.

Құтқарылған әйелдің анасы Амангелді Сыздықов пен Мүсілім Исабаевқа алғысхат жаззған. Бұл жайында Қостанай облысының ДП баспасөз қызметі хабарлады