10 жасар қыз жалаңаш суреттерін белгісіз ер адамға жіберіп отырған
10 жасар қыз жалаңаш суреттерін белгісіз ер адамға жіберіп отырған
1,832
оқылды

10 жастағы көкшетаулық қыз Instagram арқылы жалаңаш суреттерін жіберуге мәжбүр болыпты.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 24 қараша күні жергілікті тұрғын Көкшетау полиция бөліміне келіп арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның 10 жасар қызын алдап, интимді сипаттағы суретке түсіртіп, Instagram арқылы жіберткен екен.

Тексеру барысында анықталғандай, ер адам қызды жалаңаш күйде суретке түсуіне көндіріп, өзіне жібертіп алған. Артынан тағы да интимді сипаттағы суретке түсіп, жібермесе қолындағы суретті әлеуметтік желіге салып, таратып жіберетінін айтып, қорқытқан. Оған дәлел - олардың алмасқан хаттары.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір полиция ол суретті жіберуге мәжбүрлеген адамның жеке басын анықтап жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ата-аналардың балаларына нені қарап, нені оқып жүргеніне мән беріп, қадағалауын сұрайды.