12 жастағы Қарақат Башанова халықаралық байқауда әкесіне арнап ән шырқады – видео
12 жастағы Қарақат Башанова халықаралық байқауда әкесіне арнап ән шырқады – видео
364
оқылды
Байқауда Қазақстанның намысын 12 жастағы әнші Қарақат Башанова қорғап жатыр. Ол 5 жыл бұрын өмірден өткен марқұм әкесіне арнаған Forever әнін шырқады. 12 жастағы қазақстандық екінші нөмірмен өнер көрсетті. Қарақат 5 жастан бастап ән айтады, кәсіби вокалмен 9 жасынан айналыса бастады. Қазіргі уақытта жас орындаушы Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектепте оқиды. Ол бірқатар республикалық байқаулардың жеңімпазы, скрипка мен фортепианода ойнайды. Ән байқауы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталды. Байқау биыл Польша астанасы Варшавада өтіп жатыр. Бірақ коронавирусқа байланысты қатысушылар өз еліндегі студиясында өнер көрсетеді. Финалда әлемнің 12 елінен 9-14 жас аралығындағы жас вокалистер кездеседі. 18-ші ән байқауының жеңімпазы қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Көрермен сайтқа кіріп дауыс бере алады. junioreurovision.tv https://www.youtube.com/watch?v=O0gSpVu-xkM&feature=emb_logo&ab_channel=JuniorEurovisionSongContest