Қаржы вице-министрінің ұсталғаны рас па?
Қаржы вице-министрінің ұсталғаны рас па?
119
оқылды

Бұл туралы azattyq-ruhy.kz жазды.

«Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қаржы министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Руслан Еңсебаевтың қылмыс жасады деген күдікке алған. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов.

Әзірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

«Біз бұл ақпаратты растамаймыз және жоққа шығармаймыз», - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Қаржы министрлігі өкілінің Azattyq Rýhy тілшісіне берген жауабында қазіргі уақытта Руслан Еңсебаевтың денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін айтты.