Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы қатты ауыр
Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы қатты ауыр
186
оқылды
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 444 адам емделіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 
"Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 232 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.