2021 жылдың 1 наурызына дейін қырғыз-қазақ шекарасындағы «Қарқара автожолы» – «Кеген автожолы» бақылау-өткізу бекеті уақытша жабылады.
Жеке тұлғалардың шекарадан ары-бері өтуіне, көлік қозғалысына тыйым салынады.
Ауа райының қолайсыздығы мен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін осындай шешім қабылданған.