Келер жылы 235 миллион адам көмекке мұқтаж болуы мүмкін
Келер жылы 235 миллион адам көмекке мұқтаж болуы мүмкін
149
оқылды

Ауру жұқтырғандар саны 62 миллионнан асады. Әзірге коронавирусты жою мүмкін емес.

Жер бетіндегі жағдай күннен күнге қиындап барады. Өкініштісі, мұндай жағдай ұзаққа созылатын түрі бар. Қиындықтарға байланысты 2021 жылы әлемде 235 миллион адам көмекке мұқтаж болады. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты гуманитарлық басқарма өкілдерінің сөзі.

БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық көмек жөніндегі орынбасары Марк Лоукок: «Биыл әлем бойынша 170 миллиондай адам көмекке мұқтаж болады деп ойладық. Ал 2021 жылы осы көрсеткіш 235 миллионға артады деп отырмыз. Бұл биылмен салыстырғанда 40 процентке көп. Оның бәрі коронавируспен байланысты», – дейді.

Ал анестезиолог Александр Станоевски: «Медицина мамандары әбден шаршап, эмоциялық тұрғыда әлсірей бастады. Соған қарамастан, жұмысымызды әрі қарай жалғастыруымыз керек», – деп үміт үзбейді.