"Қазақстанда екі апталық қатаң карантин енгізіледі": Ресми өкіл жауап берді
"Қазақстанда екі апталық қатаң карантин енгізіледі": Ресми өкіл жауап берді
304
оқылды

What’s App мессенджерінде алдағы уақытта енгізілетін жаңа екі апталық қатаң карантин туралы ескерту таратылуда. Хабарлама авторларының айтуынша, азық-түлік дүкендері де жабылады, тек дәріханаларға ғана бұрынғы режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.  width=

– Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда мұндай қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бірде-бір облыста мұндай мәселе көтерілген жоқ, – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ол сондай-ақ медициналық бетперде тағудың және әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды. Мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды. Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин желтоқсан-қаңтарда қатаңдатылуы мүмкін екенін айтқанын жазған болатынбыз.