Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясындағы басты бағыттың бірі – транзиттік әлеует. Егер қаржы экономиканың қаны болса, жолдар – сүйегі.
«КСРО ыдырағаннан кейін Тәуелсіз Қазақстанның көлік желісі теңгерімсіз қалды. Бір өңірден өзге жерге көшу қиын болды. Шекарадан паспорттық бақылаудан өту қажет. Ал жолаушылар қосымша үлкен қашықтықты еңсеруі керек», – дейді Премьер-министр орынбасары Роман Скляр «Назарбаев факторы» атты жаңа деректі фильм барысында.
Батыс пен Шығысты тікелей жалғау үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Орталығы арқылы 1 200 километрден асатын темір жол торабын салуды тапсырды. Еліміздің экспорттық жəне транзиттік əлеуетін арттырып, өңірлер арасындағы байланысты күшейту үшін ел аумағында ұзындығы 2 550 шақырымнан астам жаңа темір жол іске қосылды. Бұл дегеніңіз Тəуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстан бүкіл ТМД мемлекеттерін қосқандағыдан артық темір жол құрылысын жүргізгенін білдіреді.
[caption id="attachment_92069" align="alignnone" width="696"] Фото: Интернеттен алынды[/caption]
«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл құрылысы арқылы батыс өңірлерге баратын арақашықтық 700 км-ге қысқарды. Сонымен қатар біздің өнеркәсіптік өнімнің бәсекесі айтарлықтай артты», – дейді Роман Скляр.
2014 жылы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Қабылданған шаралар негізінде Қазақстан экономикасының келбеті түбегейлі өзгерді.
https://www.youtube.com/watch?v=Gn7zEFvuH6U&ab_channel=%D0%A5%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D1%80NEWS