Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға ниетті
Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға ниетті
317
оқылды

30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» және «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (бұдан әрі – Операторлар) компаниялары Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын (бұдан әрі – Халықаралық орталық) құруға қатысты ниет туралы келісімге қол қойылғанын жариялады. Қазақстан Республикасы тарапынан құжатқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Энергетика министрлігі, Өкілетті орган (PSA ЖШС) және Қазақстанның машина жасаушылар одағы қол қойды.

Бұл құрылым республика аумағында мұнай-газ саласына арналған тауарлар өндірісін дамытуды кеңейту, сондай-ақ қазіргі кезде шетелден жеткізілетін жабдықтар мен материалдардың импортын алмастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамалары шеңберінде және ірі мұнай-газ операторларының қолдауымен құрылмақ. Отандық мұнай-газ саласының машина жасау өнеркәсібін дамыту шеңберінде Халықаралық орталық тиісті министрліктермен, Өкілетті органмен және мұнай-газ саласының қауымдастықтарымен тығыз әрекеттесетін болады. Халықаралық орталықтың негізгі қызметі Қазақстан Респуб­ликасында тауарлар өндірісін дамыту мен техникалық стандарттарды бейімдеу арқылы өндірістік қуаттарын жаңартуда қазақстандық өндірушілерге жәрдем көрсетуге бағытталған. Халықаралық орталық өз қызметін коммерциялық емес шығынсыз негізде ірі операторлардың қолдауымен жүзеге асырмақ.

Арман КҰСАЙЫНОВ