Аңғалдығы миллион жинағынан айырды
Аңғалдығы миллион жинағынан айырды
215
оқылды

Интернет-алаяқ Петропавл тұр­ғынының де­позитінен миллион теңгеден астам ақшасын сы­пырып алған. 25 жастағы бойжеткеннің құрбысы жатын бөлмеге арналған жиһазын OLX арқылы сатып жі­бермек болады. Жарнамаға орай бір әйел WhatsApp арқылы ха­барласып, төлемді аудару үшін оның кар­тасының нөмірін сұрайды. Ізінше қайта хабарласып, «сатушы­ның картасы ақша ау­даруға жарамай жатқанын» ай­тады. Кейін анық­талғандай, ол картаға алаяқтар ұрлайтындай қомақты ақшасы бар есепшот тіркелмеген болып шықты. Қас­көйлер тиісінше, одан бас тартқан.

Содан сатушы қыз тиісті төлем аударылуы үшін дос қызына жү­гініп, оның картасын пай­далануға рұқсат сұрайды. Ол келіседі. Бі­раз­дан соң «сатып алушы» жә­бір­ле­нушімен байланысқа шығады. –Аңғал бойжеткен оған кар­тасының барлық дерегін, жеке басына қатысты мә­ліметтерді, ЖСН, тіпті біраз уақыттан соң телефонына түскен SMS хабар­ламадағы кодты хабарлап қой­ған. Кейін депо­зиттен 1 миллион 300 мың теңге көлеміндегі қа­ражаты жоғалғаны анықталды, – дейді Кри­миналдық полиция бас­қар­масының бастығы Петр Кли­мов. Алаяқ «жеке тұлғаларға ар­налған интернет-банкинг» және «SMS-парольдерді жеткізу» қыз­меттерін пайдаланып, жәбір­ленушінің банк шо­тындағы барлық ақшасын басқа шоттарға ау­дарып алған. Қыз алданғанын тек жинағы жо­ғалғанда ғана түсінеді. Дереу полицияға жү­гірген. Сұм әзірге ұсталмады. Осы жылдың басынан бері СҚО-да 375 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Интернетте 100-ден аса хабарландыру бұғатталды.

Елдос СЕНБАЙ