Ауыл тұрғыны 50 шақты құтыдағы жеміс-жидек тосабын ұрлаған
Ауыл тұрғыны 50 шақты құтыдағы жеміс-жидек тосабын ұрлаған
242
оқылды

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, осы оқиға бойынша арыз 30 қараша күні  Ақтөбе облыстық полицияға түскен.

Арыз жазған 61 жастағы жергілікті тұрғынның айтуынша, 19 қазан күні кешке қарай белгісіз біреу  тосаптар сақталған сарайдың құлпын бұзып, 30 литрлік жеміс-жидек тосабын ұрлап әкеткен. Келесі күні ол тағы 20 литрін ұрлап әкеткен. Полиция қызметкерлері қылмысты мойындаған 54 жастағы сол ауданның тұрғынан ұстады. Ол бұрын сотталған  екен.

"Ұрланған заттар тәркіленеді. Жалпы шығын - 70 мың теңге", - дейді полиция. Тергеу әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша жүргізілуде.