Алматыда карантин тәртібін бұзғандарға 70 млн теңге айыппұл салынды
Алматыда карантин тәртібін бұзғандарға 70 млн теңге айыппұл салынды
231
оқылды

Қараша, желтоқсан айларында Алматыда карантин талаптарын бұзғандарға 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Мониторингтік топтар 4000-нан астам нысанды тексерген. Нәтижесінде 945 санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтамау дерегі тіркелді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай 170 заңды және 530 жеке тұлғаға жиыны 770 әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі хаттама толтырылып, айыппұл салынған.