Елорда мен 7 өңірде ескерту жарияланды
Елорда мен 7 өңірде ескерту жарияланды
613
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 8 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстанның Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 8 желтоқсан сағат 21.00 дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады. 8 желтоқсан да Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, аймақта және Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. 8 желтоқсан түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22°С дейін қатты аяз сақталады. 8-10 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде және Түркістан қаласында тұман түседі. Шымкент қаласында да 8-9 желтоқсанда кей уақытта тұман болады. 8 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, Петропавл қаласында боран соғады. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны - 15-20 м/с.