Алматыдағы қоймалардың бірінен тіркелмеген 254 атыс қаруы тәркіленді
Алматыдағы қоймалардың бірінен тіркелмеген 254 атыс қаруы тәркіленді
222
оқылды
21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы «Күзет «МКК» АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналының заңсыз сақталғаны туралы мәлімет келіп түсті. Ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, нысанды 2 адам ғана күзеткен», - делінген хабарламада.
Террористік, экстремистік ұйымдар мен қылмыс өкілдеріне оны тиісінше сақтамау туралы ақпарат түскен. Сондай-ақ электоралдық кезеңде қауіп-қатерге жол бермеген жағдайда қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылданды. Нәтижесінде тіркелмеген 254 атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 оқ-дәрі тәркіленді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасуда. https://www.youtube.com/watch?v=3sQWSWT_V2A&feature=emb_title