Қызметкерлердің жалақысы уақытылы төленбеген
Қызметкерлердің жалақысы уақытылы төленбеген
747
оқылды

Әлеуметтік желіде «МКЛ Логистика» ЖШС қызметкер­лерінің жалақысы уақытында төленбегені туралы шағым жа­рияланған болатын. Осы мә­селеге байланысты «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанын­дағы партиялық бақылау ко­миссиясы тапсырыс беруші «Эмир Ойл» ЖШС-іне және қыз­­мет көрсетуші «МКЛ Ло­гис­тика» ЖШС арасын­да­ғы келісімшарттың орындал­мауына байланысты үш айдан бері еңбекақыларын ала ал­май жүрген қызметкер­лердің мәселесін қарады.

Аталған отырысқа «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов, «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Досжанов, Мәжілістің пар­тиялық тізіміне үміткер Е.Жаң­быршин, «Эмир Ойл» ЖШС-нің және «МКЛ Логистика» ЖШС өкіл­дері мен партиялық бақылау ко­миссиясының мүшелері қа­тысты. Отырыс барысында тапсырыс беруші «Эмир Ойл» ЖШС мұнай тасымалдау бойынша келісімшарт негізінде қызмет көрсетуші «МКЛ Логистика» ЖШС-не қарыз екені анықталды. Осыған байланысты «МКЛ Логистика» ЖШС өзінің 50 қызметкеріне 3 айдан бері еңбек­ақыларын төлемеген. Бақылау ко­миссиясы екі тараптың мәселе­лерін жан-жақты қарап, комис­сия­ның ықпалымен «Эмир Ойл» ЖШС тарапынан «МКЛ Логис­тика» ЖШС-іне аталған қарызды өтеу бойынша өзара келісімге келіп, қарызды жабу бойынша ар­найы кесте жасақталды. Сол бо­йын­ша 20 млн теңге ау­да­рылды. Аударылған қаражат негізінде 50 қызметкердің 2 айлық жала­қылары төлене бастады. Ал қал­ған 26 млн теңге кесте бо­йынша «Эмир Ойл» ЖШС та­рапынан жыл соңына дейін өтелмек. Партиялық бақылау комис­сиясы алдағы уақытта осындай мәселелер тағы қайта­ланбауы үшін аталған мәселе то­лықтай шешімін тапқанша бақы­лауда болатынын ескертті.

Әбілмансұр ЖАСАН