«Тобыл» клубының қақпашысы Александр Мокин жылдың үздік қақпашысы атанды. Осылайша, ол ел чемпионатындағы рекордты жаңартты.
Александр Мокин маусым бойы қақпасына гол жібермегендердің көшін бастады. Ол 13 кездесудің 10-ында қарсылас шабуылшысын қақпасына жуытпаған. «Тобыл» қақпашысының жасы – 40-та. Осындай көрсеткіші үшін ол чемпионат рекордын жаңартып отыр. Ал өткен жылы Эмиль Балаев үздік қақпашы атанған-ды. Елдегі қақпашылар рейтингінде 2-орын «Тараз» ойыншысы Мұхамеджан Сейсенге бұйырған. Қақпашы 6 ойында гол жібермеген. Үздік үштікті «Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов түйіндеп тұр. Сонымен бірге 6 кездесуді голсыз өткізгендер қатарында қызылордалық Александр Заруцкий мен Мирослав Лобанцев («Қызыл-Жар») бар.А.АЙДАРҚЫЗЫ