Алматы тұрғыны «Сергек» камералары орнатылғалы пайда болған қиындықтарды айтып шағымданды. Ол «Сергек» камералары көлігінің нөмірін қате тіркеп жүргенін жеткізді. Жазба әлеуметтік желіде жарияланды.
Осы мәселеге байланысты алматылық жүргізушіге басқа адамдардың айыппұлдары келеді екен. «Сергек» Q әрпін О әрпі деп таныған. Айыппұлда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалу мүмкін емес. «Айыппұл келген сайын МАИ-ға барып, дәлелдеп отыруым керек пе? Айыппұл жазған адамның өзі Gelаndewagen мен ЗАЗ-ды ажырата алмай ма?» деп жазды алматылық тұрғын. Алматы қалалық Полиция департаменті «Сергекке» қатысты мәселені былай түсіндірді. «Күн сайын жүйе бірнеше мыңдаған айыппұлды автоматты түрде тіркейді, уәкілетті қызметкер олардың әрқайсысын тексеріп, ЭЦҚ қояды. Бұл жағдайда қате берілген айыппұл жойылады, базаға түзетулер енгізілді», – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Жыл соңына дейін Алматыда тағы 362 «Сергек» орнату жоспарланған.Барыс НҰРЛАН