Шымкент: Бетон қабырға 6 жұмысшыны басып қалған
Шымкент: Бетон қабырға 6 жұмысшыны басып қалған

Шымкентте салынып жатқан ғимараттың қабырғасы опырылып құлаған.

Төтенше жағдайлар комитеті мәліметінше, оқиға Сайрам аймағындағы болған. «Салынып жатқан 1500 шаршы метр ғимараттың шатыры мен темірбетон қабырғалары құлаған. Оқиға салдарынан алты жұмысшы зардап шекті, олар құтқарушылар келгенге дейін қалалық № 3 ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылар – Өзбекстан елінің азаматтары» делінген ресми ақпаратта.