Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Жаңа жыл қарсаңында елордадағы гипермаркеттер мен супермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты.
«Жаңа жыл қарсаңында адамдар сауда орталықтарына көп баратыны белгілі. Халықтың осылай көп жиналуына жол бермеу үшін ірі гипермаркеттер мен супермаркеттердің тәулік бойы жұмыс істеуін қарастыратын боламыз. Сонда адамдар сағат 20:00-ге дейін тауар алып үлгеруге асықпайды. Бұл мәселені қазір талқылап жатырмыз және жақын арада нақты шешімін хабарлайтын боламыз», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еске сала кетейік. бұған дейін елорда әкімі қалада қатаң қарантин енгізуге қатысты пікір білдірген болатын.