Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегіне қатысты болжамын айтты.
«Бұдан бұрын министрлік Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтарында болады деп болжаған еді. Қазіргі уақытта елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты, оптимистік жағдай қалыптасты. Егер пессимистік болжамға сүйенсек, коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2021 жылдың қаңтары мен ақпанында болады», - деді бас санитар брифингте.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қиясов елімізде енгізілетін жаңа шектеу шараларына қатысты ойын айтқан болатын.