Есіл ауданының №2 соты «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-дан миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген қызметкерлерге қатысты үкім шығарды.
Сот Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы бас есепшісі Әлия Бабашованы 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Тағы 6 сотталушы бас бостандығынан айырылды. Біреуі 8 жылға, қалғаны 7 жылға сотталды. Оларға 10 жыл ақшалай және тауарлар мен материалдардың есебін жүргізетін қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Сот аталған тұлғалардың 2016 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін 1,6 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғанын анықтады.