Алматыда «рэкет» болып жүрген екі ер адам ұсталды
Алматыда «рэкет» болып жүрген екі ер адам ұсталды

Алматы полициясы екі бопсалаушыны ұстады, – деп хабарлайды Caravan.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мобильді құрылғыларды сатушы, 37 жастағы кәсіпкер, екі бопсалаушының заңсыз әрекеттеріне наразылық білдірген. Шағым берушінің айтуынша, одан беймәлім екі адам қорқыту және күш қолдану арқылы 1 миллион теңге көлемінде ақшаны талап еткен.

Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігі (бопсалау әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Кеше түнде арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен ақша алған кезде күдіктілерді ұстау үшін арнайы операция жүргізілді. Олардың бірі1992 жылы, екіншісі 1995 жылы туған. Екеуі де Алматы облысының тумасы. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінен.