«Грэмми» сыйлығына үміткер жерлесіміз Иманбек Зейкенов әлемдік музыкалық байқаудың нәтижелерін күтіп жатқанда, жергілікті билік те дарынды жігіттің жеңісіне қолдау білдіруде.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Павлодар облысы «Ертіс дарыны» жастар сыйлығының иегерлерін анықтап, Иманбекті де «Жыл серпіні» арнайы номинациясына қосты. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов арнайы диплом мен 500 мың теңгенің сертификатын табыстады. 20 жастағы диджей және продюсер Иманбек Зейкенов Ақсу қаласында ата-анасымен бірге тұрады. Осы жылы жас жігіт Павлодардағы Торайғыров университетіне оқуға түсті. Бұған дейін жас жігіттің ешқандай марапаты болмаған. Мұндай марапатқа Иманбек алғаш рет ие болып отыр.Айша ЕРСҰЛТАН