Қазақстанда көппәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығы жойылды
Қазақстанда көппәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығы жойылды
5,152
оқылды

Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексіне енгізілген түзетулерден кейін қазақстандықтар үшін салық төлеу жүйесі қалай өзгеретінін түсіндірді.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастауға оны жинауға кететін шығынның бірнеше есе асып түсуі себеп болды. Салықтың мөлшері өте төмен, 8 теңгеден 20 теңгеге дейін, ең көп дегенде 100 теңге шығады. Алайда квитанция толтырып, комиссия төлеу керек, яғни әкімшілендіру оңай емес. Сондықтан ұлттық экономика министрлігі адамдарды бұл салықтан босатуды ұсынған болатын. Осылайша, көппәтерлі тұрғын үйде баспанасы бар 1 миллион азамат жер салығын төлемейді. Заңда бұл норманы 2020 жылдан бастап енгізу қарастырылған, яғни 2020 жылға есептелген жер салығы төленбейді.