Ерейментаулықтар «Nur Otan» партиясы өкілімен жүздесті
Ерейментаулықтар «Nur Otan» партиясы өкілімен жүздесті
245
оқылды

Ерейментауда «Nur Otan» партиясының сайлауалды науқан жұмыстары жалғасын табуда.

Бүгін саулауалды үгіт насихат жұмыстарын Сетаев Иззат Жаңбырбайұлы жалғастырды. Иззат Жаңбырбайұлы – партия мүшесі, Ұлттық сараптама орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер. Иззат Жаңбырбайұлы – жас басшы, нақты мақсат-міндеттері айқындалған, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге, елі үшін қызмет етуге аянбай еңбек етуді өзіне мақсат қойған. Тұрғындармен кездесу барысында Иззат Жаңбырбайұлы әр азаматтың көкейтесті сұрақтарын тыңдап, жіті назарға алатындығын атап өтті. Өйткені  «Nur Otan» партиясы – әрқашан халықпен бірге. Иззат Жаңбырбайұлы бағдарламаның алты басымдылығымен таныстырып өтті. Медицина саласының басы-қасында жүрген Иззат Жаңбырбайұлы денсаулық сақтау саласындағы маман тапшылығы өзекті мәселелердің бірі екендігін атады. Бұл мәселенің шешімі жас мамандарға жағдай жасау керек деп тұрғындар назарына жеткізді. Осы тұрғыда «Nur Otan» партиясы жас мамандарды жұмыспен қамтып, баспаналы болуға көмек беруде. Жастар – ел болашағы! «Nur Otan» партиясын қолдау арқылы жалынды жастарымыздың ел дамуы үшін еңбек етуіне мүмкіндік жасайсыздар! Сіздің «Nur Otan» партиясына берген даусыңыз – еліміздің одан ары өркендеуіне, көркеюіне жол ашады.

«Nur Otan» партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.