Жасотандықтар «Jastar Voices» ұлттық музыка кешін ұйымдастырды
Жасотандықтар «Jastar Voices» ұлттық музыка кешін ұйымдастырды
164
оқылды
«Jas Otan» ЖҚ белсенділері ұйымдастырған «Jastar Voices» ұлттық музыка кешінде Семей жастары домбыра мен қобыз, сарсыр және жетіген күйлерінің әсем әуенін сүйсіне тыңдады.  «ҚазМЗУ» акт залына жергілікті талантты жастар, музыка мектептері мен колледждерінің оқушылары, студенттері және қазақ музыкасының мұрасына бей-жай қарамайтындар жиналды. Концерт аясында қатысушылар тыңдармандарға Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова және басқа да танымал қазақ композиторларының этюдтері мен туындыларын тартып берді. Сонымен қатар халық жанрының әншілері тыңдармандарға халық әндері мен сүйікті композиторлардың композицияларын орындап берді. «Jas Otan» ЖҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Айтмұқаш Алмас атап өткендей, іс-шара жастар мен қала тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырды.
- Бүгінгі іс-шара ұлттық мәдениетті құрметтеудің және оны жастар арасында танымал етудің үлгісі. Елбасы айтқандай, ұлттық код арқылы біз әлемге қызықты болып, бәсекеге қабілетті боламыз, - деді ол.
Айта кету керек, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара маска тағу және әлеуметтік арақашықтық сақтау нормаларына сәйкес өтті.