Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат тобы қызу жұмысын жалғастыруда.
14 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан Казталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Берік Рахымғалиев, Есбол Сақауов, Аманжол Нығметов, Қуаныш Ермеков «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Казталов аудандық бөлімінде (ХҚКО) халыққа түсінік жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткерлер тұрғындарға сайлаудың маңыздылығын ескертіп, партияның жеткен жетістігі мен болашаққа құрған жоспарларын сараптап, партияны қолдауға шақырды.Тапсырыс беруші: Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлы. «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.