Бүгін Қазақстандағы АҚШ елшілігінің саяси бөлімінің бірінші хатшысы Брайан Смит онлайн байланыс арқылы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевпен сөйлесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгіме барысында «Ауыл» партиясының құрылымы, партияның Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауына дайындығы туралы, саяси бәсекелестігі жөнінде пікір алмасты. Сөз соңында АҚШ елшілігінің өкілі Брайан Смит «Ауыл» партиясына сайлауда жетістік тіледі. Екі жақты пікір алмасуға АҚШ елшілігі ұсыныс білдірді.Тұмар МЫРЗА