Елордада көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды, - деп хабарлады Тұрғын үй орталығы.
Бұл бағдарламаға «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көпбалалы отбасылар (тек осы санат) қатыса алады.
161 пәтердің барлығы екі бөлмелі (51-77 ш.м.) Тұрғын үйлер Р. Қошқарбаев даңғылы; Е430 көшесі; Ж.Омаров көшесі; Ж. Нәжімеденов көшесі; А-91 көшесі; Р.Қошқарбаев даңғылы; Мақтымқұли көшесінде орналасқан.
Өтініш қабылдау 15 желтоқсанда басталып, 23 желтоқсанға дейін жалғасады.
Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде («Онлайн сервистер» - «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру» бөлімі) zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі.
Үміткер Нұр-Сұлтан қаласында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұруы қажет.
Іріктеу «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрып, құжат тапсырғандар арасында өтеді.
Өтініш беру үшін ЭЦҚ кілті; балалардың туу туралы куәлігі/жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда); мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда). барлық отбасы мүшесінің Қазақстанда жылжымайтын мүлігінің жоқтығы жайлы анықтама; некені қию/бұзу/өлім/ ф-4 анықтамасы қажет.
Өтініштерді қарастыру нәтижесі zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.
Аталған тұрғын үйді берген кезде ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады.