Қазақстанда екі аймақ әлі де «қызыл» аймақта тұр., - днеп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
17 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр. «Сары аймақта» Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары енген. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл аймақта».
Еске сала кетсек Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша кеше «қызыл аймаққа» енген болатын.