Испанияның полиция қызметкерлері 23 адамды ұстады. Олардың ішінде Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметіне қарағанда, ұсталған азаматтар «орыс мафиясының» ақшасын жылыстатқан адамдар ретінде күдікке ілінген.
«Ондағы полиция қызметкерлері істің мән-жайын хабарламай отыр. Бірақ бұл іс «Шығыс Еуропа мафиясына» қарсы кейінгі жылдардағы ең ірі операция. Ұсталғандардың «иерархиялық деңгейі жоғары» екені белгілі болып отыр», - делінген хабарламада.