«Солтүстіктегі екі қалаға Қызылжар және Ертіс атаулары қайтарылсын» – жастар үн қатты
«Солтүстіктегі екі қалаға Қызылжар және Ертіс атаулары қайтарылсын» – жастар үн қатты
390
оқылды
«Намыс» жастар қозғалысының белсенділері Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына барып, Желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етті. Бұл туралы Dalanews.kz порталы хабарлады. Жастар шейіт кеткен боздақтарға құран бағыштады. Сондай-ақ Қазақстан территориясына қатысты пікір білдірген ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесіне қарсылық білдірді. «Никонов, Лимонов, Жириновский секілді дарынсыз саясаткерлер бүлік шығарғысы келіп, өздерінің сауатсыздығын көрсетті. Қазақтың намысына тиіп сайқымазақ болды. Олар кітап бетін ашып, аз да болса тарихқа үңілсе кімнің кім екенін білетін еді. Қазақтың намысты жастары барда олардың көздегені бола қоймайды», – деді қозғалыс басшысы Азамат Жолданбай. Жастар ресейлік саясаткерсымақтардың сауатсыз мәлімдемесін жауапсыз қалдыруға болмайтынын жеткізді. Ұйым өкілдері «Ресей империясынан қалған Павлодар, Петропавл деген атаулар жойылып, қалаларға қазақи атау берілуін» талап етті. «Олар тарихты зерттеп, оқып, ой түйгені абзал. Тарих беттеріне үңілсек Ресей түгілі, шекаралас елдерде қазақтар, яғни, біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген, қазақи атау арқалайтын қалалар көп. Бұл ақиқат! Ресей империясынан қалған Павлодар, Петропавл деген атаулар жойылсын, қалаларға қазақи атау берілсін! Солтүстік аймақтарда Қазақ тілі үстемдік жасасын!

Қазақтар ҚЫЗЫЛЖАР және ЕРТІС деген атауды пайдаланған. Сол атаулар қайтарылсын», – деді «Намыс» жастар қозғалысының белсенділері.

 width=