Босния және Герцеговинада Абайдың бюсті орнатылды
Босния және Герцеговинада Абайдың бюсті орнатылды
216
оқылды

16-18 желтоқсаны аралығында Босния және Герцеговинада ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шаралар өтті.

СІМ хабарлауынша, белгілі босниялық мүсінші, Босния мен Герцеговина Жоғары қолданбалы өнер мектебінің профессоры Стиепо Гаврич жасаған ұлы Абайдың бюсті «Сараево ескі қаласы» тарихи ауданында орнатылды.

 Ескерткіш Меляцка өзенінің жағасында, сәулет өнерінің шедеврлерінің ортасында – 1891 жылғы мэрия, XVI ғасырдағы Хаджия мешіті, Ұлттық кітапхана және Босния астанасының басқа да көрікті жерлерінің қасында орналасқан. Сараеводағы мәдени акция аясында Абайдың таңдамалы шығармалар жинағы босния тіліне аударылып басылды.

Сонымен қатар Қазақстан елшісі Төлежан Барлыбаев Сараевода Абай ескерткішін орнату идеясын жүзеге асырғаны және оның таңдамалы шығармаларының жинағын шығарғаны үшін Босния мен Герцеговинадағы ҚР Құрметті консулы Амел Диздаревичке және «Беркут» Босния іскерлік ынтымақтастық қауымдастығының белсенділеріне алғысын білдірді.