Дубайдан келген үш қазақстандықтан вирус анықталды
Дубайдан келген үш қазақстандықтан вирус анықталды
5,182
оқылды

Ал 18 желтоқсанда Қазақстанның аумағына Румыния, Қытай, Грузия, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2561 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2351 адам, ал анықтамасыз 210 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 641 жолаушы, анықтамамен – 1 513, анықтамасыз - 128; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 789 жолаушы, анықтамамен - 707; анықтамасыз - 82; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келді; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 17 желтоқсанында анықтамасыз келген 378 ҚР азаматының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.