24.kg сайтының мәліметі бойынша, Ахунбаев пен Набережная көшелерінің қиылысындағы "Таргет" қару-жарақ дүкені жарылды. Жарылыс салдарынан өрт шығып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің полиция баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 57 жастағы марқұм "Таргет" дүкенінің сатушысы болған. Жарылыстың шығу себептері анықталып жатыр", - деді ІІБ өкілі.
Жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға болған жерден қоңырау 10:11-де келіп түскен.