Алмаз Шарман: Коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды
Алмаз Шарман: Коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды
120
оқылды

Коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды. Осыған байланысты профессор Алмаз Шарман алматылықтарды COVID-19-дың профилактикалық шараларын күшейтуге шақырады.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман эпидемиологиялық ахуалын түсіндіріп, коронавирустың ықтимал мутациясы жөніндегі сұрақтарға жауап берген. Оның айтуынша, коронавирус мутациясы жүріп жатыр және ол процесс үнемі болады, нәтижесінде COVID-19-дың маусымдық инфекцияға айналуына әкеледі. Ал вакцинацияның бұл процесті тек жылдамдататынын атап өтті.

"Вирустар үнемі мутацияға ұшырауға бейім, бұл айына кемінде екі рет мутацияланатын коронаврустарға да қатысты. Вирустар жаратылысынан – паразиттер. Олар иесінен, яғни адамнан тыс өмір сүре алмайды. Вирус жұқтырған адам қайтыс болғанда, онымен бірге вирус та жоғалады. Сондықтан иесінің өлімі вирус үшін тиімді емес. Вирус тірі қалып, адаммен бірге өмір сүрі үшін мутацияға ұшырап отырады. Бұл қалыпты эволюциялық процесс", - деп ойын бөлісті.