Шығыс Қазақстан облысының төрт ауылында жолаушылар тасымалына тыйым салынды
Шығыс Қазақстан облысының төрт ауылында жолаушылар тасымалына тыйым салынды
159
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 20 желтоқсандағы №26-1 қаулысына қосымша тармақтар енгізді.

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіне, Глубокое ауданының Опытное поле кентіне, Ушанов ауылына, Белоусовка кентіне қызмет көрсететін бағыттарды қоспағанда, ерекше өкімге дейін, облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалына, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігінің кәсіпорындарының жұмыс істеуіне тыйым салынған, - делінген ақпаратта. Бұл ретте санитариялық бекеттен өту кезінде аталған бағыттарда қатынайтын қоғамдық көлік құралдарының жүргізушілері «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ берген белгіленген үлгідегі куәлікті (хабарламаны), жол парағын, қозғалыс кестесін көрсетуге міндетті.